Úı ANONS Мақтааралда құбыр бұзылып, тұрғындар газсыз қалды

Мақтааралда құбыр бұзылып, тұрғындар газсыз қалды

фото Отырар.кз

Мақтаарал ауданында жоғары қысымды жер асты газ құбырында ақау анықталды. «Мақтаарал» газ тарату станциясынан Мырзакент кентіне дейінгі диаметрі 400 мм құбырдың түйіспе бөлігі бұзылып, газдың шығуы орын алған.

Қауіпсіздік мақсатында апаттық бригада қақпа клапанын жапты. Соның салдарынан Мырзакент кенті мен оған қарасты 32 елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда шамамен 9 мың абонент, сондай-ақ коммуналдық және өндірістік нысандар газсыз отыр.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Газ беру қайта қалпына келгені туралы қосымша хабарланатын болады.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ тұрғындардан түсіністікпен қарап, қауіпсіз әрі үздіксіз газбен қамтуды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.