24 қазан күні Шымкент қаласында республикалық «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасының форумы өтеді.
«Jas Qalam» − Қазақстанның қазіргі журналистері, журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын басқа да жастарды журналисттік саланың қыр-сырына үйрететін ерекше жоба. Жобаның мақсаты – Қазақстандық журналистиканы дамыту, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру, журналистика трендтерін, телевизиялық және баспа материалдарын сапалы берудің әдістері мен тәсілдерін үйрету.
Жобаға 16-29 жас аралығындағы жас журналистер қатыса алады. Форум тележурналистика, баспа және интернет-журналистика және блоггинг бойынша мастер-кластар форматында өтеді. Мастер-кластар барысында қатысушылар теориялық білімімен қоса, ТВ-дегі түсірілімдер, тікелей эфирді жүргізу, сюжеттер, мақалалар жазу, интервью алу, сонымен қоса, жеке блог, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жүргізу, сторителлинг, копирайтинг, болашақ журналист не блогерлік имиджін қалыптастыру бойынша практикалық тәжірибе алады.
2 айға созылатын жоба Қазақстанның 7 қалаларын қамтитын болады: Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Талдықорған. Әр қалада 100-ге жуық жас тілшілерді оқыту, кәсіби біліктілігін арттыру жоспарлануда.
Форумның спикерлері ретінде медиатренерлер және Отандық БАҚ-тың жұлдызды журналистері − медиа-тренер, коммуникациялар бойынша эксперт және PR-консультант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы – Ақерке Берлібай; NUR.KZ ақпараттық порталының шығарушы редакторы – Риза Шайқақ; «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Балапан » телеарнасының бірінші директоры, продюсер — Жанар Шамел қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді.
Жоба 2 сатыдан тұрады: іріктеу кезеңі және аймақтардағы біркүндік журналистика мектебі.