Оңтүстіктің әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

310
Оңтүстіктің әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» тақырыбындағы ІІ республикалық журналистер форумына қатысушы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті. Шығармашылық өкілдерімен болған кездесуде әкім басылым мемлекетіміздің тыныс-тіршілігі мен айнасы екенін айтып, республикалық форумға арнайы келгендері үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Оңтүстіктің әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Өз кезегінде қаламгерлер де күнгейдің күннен-күнге дамып келе жатқан үлгілі өңір екенін тілге тиек етіп, өлкенің игі бастамалардың ордасы, еңбекқор өлке екенін атап өтті. Оңтүстіктің ақпараттық кеңістігі дамыған аймақ екеніне тоқталған қарымды қаламгерлер біздің облыстан үйренер істің көп екенін айтты.

Оңтүстіктің әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Жиын соңында Жансейіт Қансейітұлы БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, бүгінгі форумда талқыланған мәселелер қоғамдағы күрделі проблемаларды шешуде септігін тигізеріне сенім білдірді.

Оңтүстіктің әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысы БАҚ саны жағынан республикада екінші орында келеді. Қазіргі таңда облыста 239 БАҚ жұмыс жасаса, оның ішінде 171 газет, 38 журнал, 13 телеарна, 4 радио және 13 интернет сайты бар.