Шымкентте «Jas Qalam» форумы өтті

153

Шымкент қаласында республикалық «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасының форумы өтті. Журналистер, журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын басқа да жастарды саланың қыр-сырына үйрететін ерекше жоба.

Жобаның мақсаты – Қазақстандық журналистиканы дамыту, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру, журналистика трендтерін, телевизиялық және баспа материалдарын сапалы берудің әдістері мен тәсілдерін үйрету.

Жобаға 16-29 жас аралығындағы жас журналистер қатыса алады. Форум тележурналистика, баспа және интернет-журналистика, блоггинг бойынша шеберлік сабақтарының форматында өтті. Мастер-кластар кезінде қатысушылар теориялық білімімен қоса, ТВ-дегі түсірілімдер, тікелей эфирді жүргізу, сюжеттер, мақалалар жазу, интервью алу, сонымен қоса, жеке блог, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жүргізу, сторителлинг, копирайтинг, болашақ журналист не блогерлік имиджін қалыптастыру бойынша практикалық тәжірибе алды. 2 айға созылатын жоба Қазақстанның өзге де қалаларын қамтитын болады.

Атап айтқанда, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Атырау, Ақтөбе және Талдықорған қалаларында 100-ге жуық жас тілшіні оқыту, кәсіби біліктілігін арттыру жоспарлануда.