Болашақ әкімшілік іскерлік орталығының құрылысы қыз-қыз қайнап жатыр. Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық жолының бойында облыс әкімдігі ғимаратына барар жол салынуда. Жобалық – сметалық құжатқа сәйкес мұнда желек жолы қарастырылған. Аймақтың климаты ескеріліп, субұрқақтар салынып жатыр.
Нұрмұхамед Бейсенбаев, құрылыс компаниясының өкілі: «Біздің компания желек жолын салып жатырмыз. Шілде айында бастауын алған құрылысты ағымдағы жылдың қазан айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Мұнда жаяу жол, демалатын орындықтар, жарықтандыру жүйесі болады. Одан бөлек, жылдың басым бөлігі жылы болатын Тұркістанда субұрқақтар жобаға енгізілді. Құрылыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды осы қазан айында тапсырамыз».
Әкімшілік іскерлік орталығында конгресс – холдың құрылысы жүргізілуде. Нысан келесі жылы қараша айында пайдалануға тапсырылады. Ал медиаорталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Қазір мұнда нысанның аумағы абаттандырылуда.
Түркістанның оңтүстік – шығыс бөлігі алдағы бес жылда адам танымастай өзгереді дейді құрылысшылар. Әкімшілік – іскерлік орталығында мектептер, бала – бақша, мәдениет спорт нысандарынан бөлек тұрғын ұйлер көптеп салынуда. Бас жоспарға сәйкес жаңа қала жасыл желекке оранады.
Шынар Оразова