«Томирис» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрерменге жол тартты

301

«Томирис» фильмінің жарық көргенінен аз уақыт өтсе де, қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Енді тарихи туындының қазақ тіліндегі нұсқасы кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Бұл ақпаратты фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Достар, бүгіннен бастап, «Томирис» фильмінің толық қазақша нұсқасын біздің «Меломан» дистрибьютор компаниямыз кинотеатрларға тарата бастады. Киномыздың қазақша нұсқасын күтіп қалғандарыңыз үшін шын жүрегімізден кешірім сұраймыз», – деп жазды режиссер Ақан Сатаев.

Мөлдір Бекеева