Зауыт қайта қалпына келтірілмек

355

«Ленгір Машина Жасау» зауыты қайта қалпына келтірілмек. Бүгін аудан басшысы Бауыржан Омарбеков күрделі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан зауыттың жұмысымен танысты.

Зауыттың қазіргі атқарушы директоры Рашид Бейсенбаев толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті. Қазіргі таңда сыртқы қас беттері ретке келтірілуде.

Машина жасайтын зауыт алдағы уақытта темір-терсек бұйымдарын шығаратын болады. Жаңа жылдан бастап қосымша жұмыс орындарын ашып, 300-ге тарта адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сондай ақ, 780 млн тенге инвестиция тарту жоспарланған.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі