Шымкентте полицейлер қайырымдылық донорлық акциясына қатысты

141

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қан тапсырып — адам өмірін сақта!» қайырымдылық акциясына қатысты. Полиция қызметкерлері Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық қан орталығы» МКҚК-на қан тапсырды.

Бұл тәртіп сақшыларына өз қызметін тоқтатпай пайдалы және қажетті істі – қан банкін толықтырып, ауру адамдарға көмек көрсету үшін жасалды.

Медицина қызметкерлері еріктілердің барлығына өз алғыстарын білдіріп, Полиция департаменті – қызметінде адам өміріне қатер төнетін жағдайлармен күнделікті бетпе-бет келетіндіктен, донордың маңыздылығын түсініп, медициналық қызметкерлердің көмек көрсету туралы өтініштеріне әрдайым дайын қаладағы белсенді ведомстволардың бірі екендігін айтып кетті.

Акция барысында полиция қызметкерлері тапсырған қан — қаланың ондаған тұрғындарын емдеуге және құтқаруға көмектеседі.