«Алтын шаршы» іс-шарасы аясында 35 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды

123

Ағымдағы жылдың 26-шы шілдесінен бастап Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында «Алтын шаршы» іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шараға Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция бөлімдерінен 5 қызметкерден біріктіріліп, Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция, ювеналды полиция және учаскелік полиция қызметкерлерімен біргелікте жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күнге дейін қала, аудан полицейлерінің бірлескен жұмыстарының аясында Түркістан қаласында 35 000-нан астам құқық бұзушылық анықталған. Оларға жекелей тоқталар болсақ, жол қозғалысы саласы бойынша 32687 жайт, оның ішінде жол белгілерінің талаптарын сақтамау 6936, күндізгі жарық шамын жақпаған 4568, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы 4612. Ал қоғамдық сала бойынша 3000-ға жуық құқық бұзушылық, оның ішінде белгіленбеген жерде сауда жасау 489, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу 462, қоғамдық орында мас хәлде жүру 294, ұсақ бұзақылық бойынша 421 жайты тіркеліп отыр.

Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ермек Өсербаевтың айтуынша: «Алтын шаршы» Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен және Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің бұйрығымен, алғаш рет өткізіліп жатқан шара. Бүгінгі күнге дейін аталған шара өзінің оң нәтижесін беруде. Мәселен, орталық «Қуаныш» базарының жан-жағындағы ретсіз сауда орындары бір жүйеге келтірілді. Қала ішіндегі кептелістер реттеліп, жол белгілері, таңбалары қойылды. Сонымен қатар адам көп шоғырланған орындардағы құқық бұзушылықтар саны азайып, азаматтардың жолды кесіп өтуі яғни белгіленген жерлермен ғана жүруі ретке келтірілді.

Киелі қаладағы «Алтын шаршы» іс-шарасы алдағы күндер де өз жалғасын табатын болады. Себебі, облысымыздың орталығы Түркістан қаласының туристер үшін, қала қонақтары мен тұрғындары үшін ең қауіпсіз қалаға айналуы маңызды болмақ.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі