«TORTILLА» ішінен маймылдың сан түрін, тауыс, жанат және сасықиісті тамашалауға болады. Одан бөлек, келушілерді бауырыменжорғалаушылар және өрмекшілер күтеді.
Тасбақа кейіпіндегі шатыр ішінде маймылдың 12 түрі, жанат, азулы қолтырауын тіпті құспен қоректенетін өрмекшілерді де көре аласыз.
Зообақтағы көрермен көзайымдарының бірі ергежейлі маймылдар. Мұнда олар отбасымен тұрады. Әлемдегі ең кішкентай мешіндер бір ұяда үшеу болады екен. Елді елең еткізгендердің тағы бірі — алып тасбақа. Өмір сүргеніне 1 ғасыр болған бауырыменжорғалаушының салмағы 50 келіге дейін жетеді.
Жануарлар әлемін қала тұрғындары мен қонақтары 3 желтоқсаннан 2 ақпанға дейін тамашалай алады. Демалыссыз жұмыс істейтін «Тортилла» зообағы Бәйдібек би көшесіндегі наурыз алаңынан таба аласыздар. Қонақтарды таңғы сағат 10:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін қабылдайды.
Маймылдардың мұншалықты түрін әлемнің еш жерінен таба алмайсыз. Тіпті жұдырықтан да кішкентай маймылдар бар. Мұндай зообақ қалаға тұңғыш рет келіп тұр. Барлығыңызды осындай қызықтың куәсі болуға шақырамын.
Назерке Үкібасова