Келер аптаның басында «Сәуле» шағынауданындағы №129 мектепте Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов халық алдында есеп береді.
Нұрислам мен Арназ аналарына бүгін жолы болғандарын жарыса айтып тұр.
«Өздеріңіз байқаған шығарсыздар. Жол нашар. Бір жерде тас бар, бір жерде жоқ. Бізге қоғамдық көлік келмейді. Электр жарығына киловатына 45 теңге төлейміз. Он үйден аспаған соң, бізге электр желісін тартпады. Мұндағы үйлер бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланған жерлерде салынған» дейді Ердос Бекбол.
Қоныстанғанына бір жыл болғандықтан, отағасы үйге техникалық төлқұжатты енді алады екен. Айтуынша, ауылдастарының көпшілігі баспаналарын әлі рәсімдемеген. Сондықтан, мұндағыларға ауыз су арнайы көлікпен жеткізіледі.
Өркениеттен қалып қойған 276 орамның тұрғындары аудан әкімінің халықпен кездесуіне арнайы қатыспақ. Балалары оқитын мектепте өтетін есепті жиында барлық коммуналдық мәселелерді көтермек.
Шынар Оразова