Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға жаза күшейтілді

466

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «2019 жылы ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар » тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс — шара барысында судьялар полиция және Әділет департаменті, мемлекеттік мекеме өкілдеріне  бұл өзгерістер мен толықтыруларды  тұсіндіріп берді.

Жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізілді. Нормалар қолданыста.

Қоғамдық орындар, гүлзар, саябақ аумағын ластаған және белгіленбеген жерде коммуналдық қалдықтарды тастаған азаматқа Әкімшілік құқық бузышылық Кодексі бойынша әкімшілік шара көріледі. 5 АЕК мөлшерінде  айыппұл және 10 тәулікке дейін қамаққа алынады.

Әбдімүтәліп Бектұрғанов, Шымкент қалалық мамандандырылған  әкімшілік соты төрағасы: «Темекі, қоқыс тастаса сотта қаралмайды, полиция  айналысады. Мұндай істердің  саны республикада  былтыр 47 мыңға  дейін жеткен екен».

Полиция құттықтауыМас күйінде, есірткі және уыт заттарын қолданып көлік басқарған азаматтар енді 15 тәулікке әкімшілік қамаққа отырғызылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасаса 20 тәулікке қамаққа алынып, 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Соңғы жылдары жиілеп кеткен жолкөлік оқиғаларының құзырлы органдармен қаралуында да өзгерістер бар.

«Жол көлік оқиғасы орын алған бойда түнгі сот процессінде қаралады. Шымкентте бұл пилоттық жоба екінші жыл жүріп, оң нәтижесін берді», дейді  судья  Гүлмира Қыдырбаева.

Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіндегі өзгерістерді ендігі кезекте полиция, әділет департаменті, жергілікті мемлекеттік мекемелердің өкілдері халыққа түсіндіреді.

Шынар Оразова