Теміржол вокзалының тынышын бұзғандар жазаланып жатыр

453

Күнгейде «Тәртіп пен құқықбұзушылықтар: Мүлдем төзбеушілік» атты 3 күндік акция қорытындыланды.

Дәлірегі, желілік ішкі істер бөлімінің бастамасымен қоғамның тынышын бұзған тараптарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Облыс аумағындағы, тек теміржол вокзалында өрбіген рейдтік шара нәтижесінде бір емес, 52 адам құрықталып, тәртіптік жазаға тартылған. Тиісті төлем негізінде айыппұл төлеген.

Әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергендердің дені – жастар екен. Олар теміржол вокзалдарында шылым тартып, спирттік ішімдік ішкен. Немесе жалға пәтер ұсынып, такси ретінде «жамырай» жұртшылықтың мазасын қашырған. Арасында тыйым салынған аумаққа аяқ басып, қайыршылыққа жол берген жандар да бар. Ал желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, қоғам, ондағы вокзал тынышы үшін қолға алынған акция енді араға ай салып қайта ұйымдастырылмақ.

Мөлдір Бекеева