Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 17-18 қаңтар күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейінгі уақытта «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясын Шымкент қ. ПД-нің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өткізеді.
Акция шеңберінде азаматтарының шетелдерден сатып алған және біздің еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөнінідегі мәселелерді түсіндірумен қатар айыппұлдар туралы ақпарат алуға, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы, көші-қон мәселесі бойынша ақпарат алуға болады.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінде шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі бойынша түсініктеме алу үшін «Тікелей желі» телефон желісі іске қосылды.
Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда 09:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз), Шымкент қаласының тұрғындарына 8-7252-30-10-30 нөмірі бойынша колл-орталығы кеңес беруге дайын.
«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілетін орындар:
1) Шымкент қ. ПД Әл-Фараби АПБ-ның фронт-кеңсесі (Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі бойында орналасқан);
2) Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның фронт-кеңсесі (Шымкент қаласы Елшібек батыр №110 А үйде орналасқан);
Стационарлық полиция бекеттерінде:
1. «Обелиск» бекеті (Төреқұлов — Рысқұлбеков көшелері қиылысында орналасқан);
2. «Жаңа шахар» бекеті (Мангельдин — Темірлан тас жолы көшелері қиылысында орналасқан);
3. «Гагарин» бекеті (Кремлевская — Гагарин көшелері қиылысында орналасқан);
4. «Асқаров» бекеті (Асқаров көшесі бойындағы «Москва» түнгі клубының алдында орналасқан );
5. «Ынтымақ» бекеті (Ахунбабаев көшесі бойындағы «Ынтымақ» тойханасы алдында орналасқан);
6. «Бадам» бекеті («Бадам» өзені маңында орналасқан);
7. «Көл» бекеті (Ташенов көшесіндегі «Көл» аялдамасы маңында орналасқан);
8. «Гарант» бекеті (Байтұрсынов — Тәуке хан көшелерінің қиылысында орналасқан);
9. «Имран» бекеті (Тәуке хан — Қонаев гүлзары көшелерінің қиылысында);
10. «Орталық саябақ» бекеті (Қазыбек би — Майлы қожа көшелерінің қиылысында);
11. «Тәуелсіздік» бекеті (Тәуелсіздік саябағында орналасқан);
12. «Доня» бекеті (Уәлиханов көшесі бойында орналасқан);
13. «Теріскей» бекеті (Рысқұлов көшесі бойында орналасқан);
14. «Көктем» бекеті (Жібек жолы көшесі бойында орналасқан );
15. «Евразия» бекеті (Рысқұлов көшесі бойындағы «Евразия» базары маңында орналасқан).