Шымкентте «Тортилла» жылжымалы зообағы жабылады

220

Шымкентте жылжымалы зоопаркке қатысты жанжал жалғасын тапты. «Наурыз паркі» сауда орталығының аумағында бір ай бұрын ашылған хайуанаттар бағын сауда орталығының басшылығы жалдау шартын бұзып, жабуға уәде берді.

Мұндағы жануарлар қорқынышты жағдайда болатын. Зооқорғаушылар аталған хайуанаттар бағын жабуды талап еткен болатын. Бүгін яғни, 23 қаңтарда жабылуы тиіс.

Еске сала кетсек, жылжымалы хайуанаттар бағындағы жануарлар өте тар торларға орналастырылған болатын, нашар тамақтандырылған.

Үрленетін хайуанаттар бағы Ресейде бұрыннан-ақ «қара тізімге» енген. Көрші мемлекеттің еріктілері бірнеше қалада жылжымалы зообаққа тыйым салуды талап еткен болатын.

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Шымкенттің жаңа әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлына ресейлік «Тортилла» хайуанаттар бағын жабу туралы өтінішпен жүгінген-тін.

«Мен сіздерге «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі ретінде, немесе депутат ретінде емес, «кіші бауырларымыздың» тағдырына немқұрайлы қарамайтын қарапайым азамат ретінде жүгінемін.

Бұл қалай болғанын білмеймін, бірақ сіздің қалаңызда Ресейдің әйгілі әйгілі Tortilla зоопаркінің қызметіне рұқсат етілді.

Шамасы, қазір сіздің кәсіпкерлік басқармаңыз жануарлардың жағдайына немқұрайлы қарайтын алаяқтарға рұқсат берді!» — деп жазды депутат өз жазбасында.