Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының екінші күнінде халыққа шетелдерден (Қырғыстан және басым көпшілігі Армениядан) сатып алынған және біздің еліміздің аумағына әкелген автокөліктердің иелері үшін арнайы Наурыз алаңында автокөліктерді тіркеу және оларды заңдастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі М.Алтаевпен бастаған топ акцияға келген автокөлік иелеріне жалпы тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әр азаматтын жағдайларын қарастыратын мобильдік топтары құрылғаны туралы жеткізді.

Әкімшілік полиция басқармасы, Тергеу басқармасы, Кедендік бақылау және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінен құрылған арнайы мобильдік топ әр азаматтың мәселесін қарап, оларға қажетті кеңес берді.

Келушілердің басым көпшілігі өздеріне қажетті ақпаратын алып, сонымен қатар өз кезегінде автокөліктерді заңдастыру мәселесіне қатысты ұсыныстарын қалдырды.