90 мың дана лигуструм бұтақшалары отырғызылады

184

 

Шуақты өлке Шымкент гүл жайнаған қалаға айналады. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды алқызыл әсем гүлдермен қарсы алмақ.

Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше сән беретін қызғалдақтың 1 миллион 300 мың түбі егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті.

Қызғалдақ гүлдерінің гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, олардың орнына басқада жаздық гүлдер егіледі. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Яғни, 2 миллионға жуық жаздық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, осы жылы көктемгі және күзгі маусымдарында көпжылдық 25 мың данадан астам раушан гүл көшеттері мен 90 мың дана лигуструм бұтақшалары, 30 мың дана қылқан және жай жапырақты ағаш көшеттерін отырғызылады деп күтілуде. Егілген гүлдер сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай ерекше етіп егіледі.