БӘЙДІБЕКТЕ 10 ПӘТЕРЛІ 2 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

332

Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің орталығында құрылысы аяқталған 10 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңадан пайдалануға берілген екі қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйге жас қызметкерлер мен үйі апатты жағдайдағы және тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар қоныстанды.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырып, жаңа пәтерлерінің іші шаттық пен қуанышқа, береке мен бірлікке толы болсын деп тілегін жеткізді.
Жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйде отыратын және жатын бөлмеден бөлек ас үйі, әжетханасы мен жуынатын бөлмесі бар.

Жалпы Бәйдібек ауданындағы 3 ауылдық округтерде жас қызметшілер мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға арнап екі қабатты 10 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Осы жылдың ішінде қалған ауылдық округтердегі құрылысы аяқталған 2 тұрғын үйлерге жас қызметкерлер мен тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы 20 отбасылар қоныстанатын болады.