ІІМ азаматтарды «Қазан немесе қара Касса» ойынынан сақтандырады

290

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазан немесе қара Касса» ойынының жарнамасы бар хабарламалар таратылуда, оған қатысушыларға 14300 теңге және тағы екі адамды тарту үлкен табыс әкеледі деп уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті жоғарыда аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Қаржы пирамидаларын құрғаны және басқарғаны үшін (ҚР ҚК 217-бабы) мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған. 2018 жылы ішкі істер органдары 103, 2019 жылы 23 қаржы пирамидасын анықтады.

«Ағымдағы жылдың басынан бері ішкі істер органдары қаржы пирамидаларын құрудың 4 фактісін тіркеді. Ескертулерге қарамастан, қазақстандықтар алаяқтықтың түрлі схемалы қақпанына түсуде. Мұндай құрылымдарды ұйымдастырушылар жаңа аңыздар ойлап тауып, кәдімгідей тұсаукесерлер жасайды. Осылайша өзінің құқыққа қарсы қызметін кеңінен жарнамалайды. Ал жеңіл табыс тапқысы келген адамдар тез баюға ұмтылып, ойланбастан ақшасын өз қолынан береді», – деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция департаменті.