Шымкент қаласында 9 аумаққа ветеринариялық шектеу қойылды

104
Факти ICTV

Шымкент қаласында 9 бірдей аумаққа ветеринариялық шектеу қойылды. Еңбекші ауданында 5, Абай ауданында 2, Қаратау 1 және Әл Фараби ауданынды 1 аумақ. Қала әкімінің мұндай шешімге барып, қаулы шағаруына осы аумақтарда 8 ит бір мысықтан анықталған құтыру ауруына байланысты.

Сала мамандарының мәлімдеуінше өткен жылдың желтоқсан айында адам қапқан 9 иттің бас мүшелері Алматы қаласындағы арнайы зертханаға жолданған. Нәтижесінде 8 ит, бір мысықтан алынған сынама құтыру ауруына оң нәтиже көрсеткен.

Енді осы аумақтағы иттерден шықан құтыру ауруының ошағын жою үшін 6130 мл ГЛАК залалсыздандыру препараты бөлінді. Арнайы бөлінген препаратпен ветеринар дәрігерлер 233 ірі қара, 374 ұсақ, 45 жылқы, 59 мысық және 228 итке вакцина жасаулары тиіс. 9 аумақа қойылған шектеу 2 айға созылады.

Нұрлан Күдерұлы