Шымкент қаласында күшті желдің салдары жойылды​

102

9 ақпанда Шымкент қаласында Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының бірнеше көшелерінде электр сымдары үзіліп, бірнеше көшелердің тұрғындары электр қуатынан ажыратылған еді.

Бір күн бұрын 9 ақпанда оңтүстік-батыс бағытында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-тен 25 метрге дейін жететіндігі туралы дауылды алдын алу ескерту болған. Еңбекші ауданы: Базар-қақпа м/а (2100 абонент), Орманшы е/м (220 абонент), Забадам м/а (100 абонент), Жұлдыз м/а (100 абонент), Сайрам т/а қатты желдің салдарынан электр желісін авариялық өшіру орын алған.

«Базар қақпа»елді мекенінің элетр желісі Түркістан обл. қарасты Сайрам аудандық РЭС-ке қарасты. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2100 тұрғын электр желісіне толығымен қосылды. Абай ауданы: Шұғыла ш/а, Қазығұрт ш/а Бұхар көшесі электр желісі толғымен қосылды. Қаратау ауданы: Орманшы е/м (220 тұрғын), Сайрам т/а электр желісі толығымен қосылды. Сонымен бірге Әл-Фараби ауданында Иляев көшесі 40-үйдің жанында интернет желісі үзілген. Тиісті мекемемен қалпына-келтіру жұмыстары жүргізілді. Еңбекші ауданында Рысқұлов көшесінде (Север сауда үйіне қарама-қарсы) жол бойындағы жарнама қалқанның беті ашылған. Қоршау жасалып, тиісті мекемемен қалпына-келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданында Желтоқсан көшесі 4 үйдің ауласында тал құлаған. Жеке құрам күшімен құлаған талдың салдары жойылды.

Барлық жағдайда қала тұрғындарының арасында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.​ Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 12 қызметкері, 4 техникасы жұмылдырылды.

 

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы