Шымкентте жауын-шашынның салдарынан үй аулаларын су басқан

115

26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні Шымкент қаласының аумағында жауған жауын-шашынның салдарынан бірнеше уйдің аулаларына жаңбыр суы жиналған.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшелері Абай, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында суды шығару жұмыстарын жүргізді.

Авариялық-құтқару жұмыстары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал – 3 шағын аудандарында жүргізіліп, ТЖ департаментінің жеке құрамында 35 қызметкері, 8 техника, 8 мотопомпа жұмылдырылды. Жеке тұрғын үйлер мен басқа нысандарда жалпы көлемі 1137 текше метр су шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

«112» Құтқару қызметіне Күншығыс шағын ауданы 17 үйдің ауласында, Аль-Фараби ауданы, Туркістан көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында ағаш құлағаны, ал Абдразаков көшесі, 5 үйдің ауласында автокөліктің үстіне ағаш құлағандығы туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына Жедел – құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі, өрт сөндіру бөлімінің екі құрамында 15 адам, 3 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, оқиға салдары жойылған.