Облыс басшысы Ө.Шөкеев су алған елдімекендерді аралады

193

Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты Мақтаарал ауданына келетін су көлемі едәуір артты. Ресми мәліметтер бойынша, 300 млн. текше метр су құйылған.

Мұнда бірнеше ауылды су басты. Облыс басшысы Ө.Шөкеев су алған елдімекендерді аралады. Бүгінгі таңда төрт елдімекеннен 5400-ден астам адам эвакуацияланды. Ол тұрғындар Атакент кенті мен Есентаев, Игілік, Береке, ҚазССР 40 жылдығы ауылдарындағы мектептерге орналастырылуда.

Оларға қажетті тағамдармен жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде.

Мақпал Рысбаева