Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірқатар жолдар жабылуда

59

 

Кешеден бері жауын-шашын көп болып, тұман түсуіне байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдарда сақ болуды ескертеді. Себебі мұндай ауа райында көлік құралын басқару қиындап, яғни жол көлік оқиғаларының болу ықтималдығы артады. Сондықтан жауын салдарынан жол үстінде болатын көктайғақта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.

Осыған орай полиция қызметкерлері Созақ ауданы арқылы өтетін «Ұланбел-Созақ-Екпінді», Бәйдібек ауданы бойынша «Шаян-Шолаққорған» тас жолдары уақытша жабылғанын ескертеді.

Одан бөлек облыстың Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Созақ, Сауран аудандарында ауа райы күрт өзгеріп, қар аралас жауын-шашын тоқтаусыз түсуде.
Сондықтан полицейлер ең алдымен жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтап, жылдамдықты арттырмай, қашықтықты, жол белгілерінің талаптарын орындаңыздар деп кеңес береді. Сондай-ақ аса қажеттілік болмаса жолға шықпауға шақырады.