Шымкенттегі көпқабатты үйдің қапталындағы электр торабтары өртенді

300

Шымкент қаласындағы Т. Айбергенов көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде электр торабы өртеніп кетті. Оқиға бүгін таңғы сағат 6:35-те болған. Төтенше жағдай жөніндегі қызмет 12 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт салдарынан тараған иістен уланған азаматтарға жедел медициналық көмек көрсетілген. Өртті ауыздықтауға 7 дана техника мен 23 қызметкер жұмылдырылды. Қазіргі таңда бес қабатты үйде электр жарығы жоқ. Ал өрт болған қапталдағы тұрғындарға газ жағуға тыйым салынды. Төтеншілектердің болжамы бойынша өрт электр торабындағы сымдардың тұйықталуынан шыққан.

Шырын Нәбиева, тұрғын: «Уланған  адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Төтеншеліктер де дер кезінде көмек көрсетті. Өрттен  қапталдағы қабырғалар қарайып, ауаны тазарту үшін терезелердің әйнектерін сындырдық. Енді бізге ортадан қаржы жинап қапталымызды  әктеп, электр торабында жанып кеткен сымдарды жаңалауымыз керек. Мамандар тораптар кепкен  соң, жұмысқа кірісеміз деп отыр. Әл Фараби ауданы әкімдігі бізге  арзан жасайтын электршілер мен қапталды әрлейтін  жұмысшыларды тауып беруге  қолдау  көрсетсе екен, бізде көбісі зейнеткерлер тұрады».

Шынар Оразова