⠀
Түркістан қаласындағы «MegaCity» ойын-сауық орталығы алдынан «Тортилла» хайуанаттар бағы келіп, орналасқан болатын.
⠀
Бұл жәйтті әкімдікке жануарлардың тіршілігіне бей-жай қарамайтын жандар хабардар етіп, жұмыс барысын тексеруді өтінген.
⠀
Себебі, нақты осы хайуанаттар бағы ертеректе біраз қалада тұрғындар наразылығын тудырып, жабылған еді.
⠀
Осыған орай, бүгін бір топ әкімдік өкілдері аталмыш зообаққа барып, жануарлардың жағдайын көріп шықты. Нәтижесінде, әкімдік мұндай кәсіпке жол бере алмайтындығы айтылды. Қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, хайуанаттар бағы өкілдерімен ой бөлісе, қала ішінде қызмет көрсетпеуі жайлы келісімге келді.