Ата-аналар өз балаларының қатерлі ісік сияқты ауыр сырқаттанушылықтың жалпы белгілеріне жиі назар аудара бермейді, мұның кінәсі ата-аналардың балаларын онкологиядан сақтау бойынша көңіл аудармауы, өйткені қатерлі ісік ауруынан ересектер ғана ауырады деп есептейді.

Балалардағы қатерлі ісікті анықтауға «кіші белгілер синдромы» тән:

  • Әлсіздік, жақсы көретін ойынына көңіл аудармау;

  • Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы;

  • Салмақ жоғалту, арықтау;

  • Шамалы дене қызуының көтерілуі;

  • Себепсіз құсу, жүрек айну, диарея немесе іш қату;

  • Іштің немесе сүйектің ауыруы;

  • Терінің бозаруы;

  • Іштің ісінуі;

  • Жиі қанау (мұрын, көгерулер)

Бұл белгілер алғашқы ісік процесінің көріністері болуы мүмкін, бірақ бұл белгілер ата-аналар үшін жиі байқалмай қалады, кейін соңғы стадиясында ісік анықталып жатады.

Ең үлкен қауіпке 4 жасқа дейінгі балалар жатады, осы кезде оларды онкологиядан сақтау қажет. Ата-аналар балаларда қатерлі ісіктің даму ықтималдығын және алғашқы сақтану белгілерін білуі қажет.

Егер осындай белгілер балада байқалса, тез арада мекен жайы немесе тіркелген жайы бойынша дәрігерге көрсету қажет.

Өз балаңызда шағын белгілерді жіберіп алмаңыз, оның соңы қайғыға әкелуі мүмкін.

Күләнда Азатқызы

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының үйлестірушісі