Ақ қанмен күресіп жатқан 8 жастағы Виктория Бекке ота жасатуға қаражат керек

160

Екі апта. Ота жасауға қажетті қаржы жинауға Виктория Бекктің ата-аналарына тым аз уақыт қалды. Бүлдіршіннің жағдайы ауыр: науқаста асқазанымен проблемалар басталған. Түрік дәрігерлері ота жасауды созуға болмайды деген үйғарымға келіпті.

Ота  бүлдіршіннің сауығып кетуіне аса қажет. 8 жастағы Виканың туыстары тағы 25 мың доллар жинаулары тиіс. Ота 2-ші сәуірге жоспарланыпты.

«Қызымыздың жағдауы тым ауыр. Түрік дәрігерлер тез арада ота жасау қажет деп жатыр. Олар отаға қажетті 90 мың долларды бөліп төлеуге келісті. Сәуір айына тағайындалған отаға 45 мың доллар керек. Қазір қолымызда сіздердің қолдауларыңызбен жиналған 21 мың доллар бар.  Егерде мүмкіндіктеріңіз болып жатса, қаржылай қолдау көрсетсеңіздер. Көмектеріңіз үшін алғысымыз шексіз»- дейді Түркиядан бізбен хабарласқан Виканың  анасы  Наталья БЕКК.

Бірнеше апта бұрын Виктория Бекк қазақстандықтардың қолдауы арқасында анасымен Түркияға ұшып кеткен болатын. 8 жастағы Виктория лимфобластикалық лейкемия қан қатерлі ісігі індетіне шалдыққан. Науқас аурумен екінші жыл күресуде. Алайда індет өршіп барады. Бірақ қыздың ата-анасы үміттерін үзбей, қолдарынан келген амалдарын жасауда. Ауыр дертпен күресіп жатқан бүлдіршінге қол ұшын беремін дейтін қайырымды жандар болса, назарларыңызға арнайы есепшотты ұсынамыз.

HALYK BANK: 5354510099878653
Sberbank: 4578320014653402
Kaspi Gold: 4400430177596563
Байланыс телефоны: 8-778-618-59-00