Өмір үшін күресіп жатқан 9 жастағы бала шұғыл көмекке мұқтаж

29

Қатерлі ісікке шалдыққан шымкенттік 9 жастағы балақайға шұғыл көмек қажет. Дерт салдарынан дәрігерлерге баланың 1 бүйрегін алып тастауға тура келген. Алайда ауру асқынып, басқа ағзаларына әсер ете бастапты. Сондықтан қазір шұғыл түрде Үндістанда ота жасау қажет. 

9 жастағы Дидар Маханбетәлінің ауыр сырқатқа ұшырағанына 2 жылдың жүзі болды. Алғашында бүйрегіндегі ісіктің асқынуына байланысты операция жасап, бір бүйрегін алып тастауға тура келген. Кейін ол басқа ағзаларына да әсер ете бастапты. Сондықтан қазірге дейін кіп-кішкентай Дидар 11 химиялық ем қабылдап үлгерген.

Бірнеше отаны бастан өткерген балақай соңғы уақытта жиі қан құюға мәжбүр. Күн өткен сайын жағдайы нашарлап бара жатқан балаға Үндістанға барып ота жасату қажет. Операция құны 10 млн теңгені құрайды. Қазір ата-анасы оның тек 3 жарым млн теңгесін ғана топтай алыпты. Толық ем алуға әлі 7 млн теңгедей қаражат керек.

«Сіз уақытты жоғалтпаңыз бар ақшаңызбен келе беріңіз, біз көмектесуге тырысамыз, кішкентай ғана бала екен» деді. Көп ұзамай «Апола» клиникасынан шақырту келді. Қазір 3 жарым млн теңге жиналды енді 6 жарым млн теңге керек. Алла разылығы үшін, кішкентай балақай үшін халықтан көмек сұрағым келеді», – дейді Дидар Маханбетәлінің анасы Мөлдір Рысбекова.

Дидардың негізгі диагнозы оң жақ бүйрегінің рабдоидты ісігі. Алайда қатерлі ісік өкпесіне тараған. Дәрігерлер енді метастаз миына да көшуі мүмкін деген болжам айтыпты. Елімізде емдеу мүмкіндігі 1 пайызды құрайды. Сондықтан ақ халаттылар Дидарды шетелде емдетуді ұсыныпты.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми зерттеу орталығында диагноз қойып, сол жақта операциялық ем жасалып, оң жақ ішастар қуысындағы саркома диагнозының 4 стадиясы қойылған. Сонда жатып, сәулелі терапия алды», – дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының онколог-дәрігері Жеңіс Жарқынбекұлы.

Дидар отбасындағы бесінші бала. Балақайға жиі қан құю салдарынан қазір ол С гепатитін жұқтырып алыпты. Алайда ата-анасы оны емдеуден бұрын, ісіктің алдын алуға бар күшін салып жатыр.

Карта нөмері:
Каспий банк: 4400 4301 2206 4808
Халық банк: 4405 6397 1288 4764
+7 702 276 52 62 анасы Мулдир Р.