«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық шарасы аясында 20-дан астам қылмысты ашты

256

 

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері облыс аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шараның негізгі мақсаты-үй малын ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, ашу және төмендету, мал ұрлығымен айналысатын күдікті адамдар мен қылмыстық топтарды ұстау және басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмау.

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуге 300-ге шамамен Түркістан облысының криминалдық және әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі мен ветеринариялық бақылау қызметкерлері қатысты.

Рейдтік іс-шаралар барысында құрылған мобильді топ 400-ден астам үй жануарын тиеген автокөлік және 200 мал мен ет өнімдерін сататын орын, оған қоса 700 астам шаруа қожалығы, мал жайылым орындары, фермалар және т. б. орындарды тексерді. Іс-шараның 5 күнінде 24 мал ұрлығы ашылды, оның ішінде 2-і кезекшілік тәулігінде ашылды және 18 «өткен жылдар» санатынан мал ұрлықтары бар. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 26 мал ұрлығы анықталып, мал ұрлығымен айналысқан 3 қылмыстық топ құрықталды. 35 бас үй малы, оның ішінде 33 жылқы табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

Мысалы, Созақ ауданында тәртіп сақшылары ірі қара мал ұрлығымен айналысқан екі мал ұрысын қолға түсірді. Ақпан айының басында Созақ АПБ – не жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз жандар жайылымнан 2 бұқасын ұрлап кеткенін көрсетті. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 300 мың теңгені құрады. Аталған жайт Созақ АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті ретінде Созақ ауданы мен Шымкент қаласының екі тұрғынын құрықтады. Ұсталған жас жігіттер жалпы сомасы миллион теңгеге жуық 3 мал ұрлығына қатысты болып шықты. Олар өз әрекетін толық мойындады. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 73 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде 68-і мал мен етті тиісті құжаттарсыз тасымалдау жайттары. Ветеринарлық қызметке ҚР ӘҚБтК 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар жасау үшін 75 материал жіберілді. Құқықбұзушыларға миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. «Айыппұл тұрағы» арнайы қораларына 60-тан астам үй жануарлары салынды.

Сондай-ақ, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде Түркістан облысы аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізілді, онда мал иелерінің өз мүліктерін сақтау, малды ұйымдасқан түрде жаю, таңба салу, үй малын сырғалау және т. б. қажетті шараларды енгізу мәселелері талқыланды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға үй жануарлары жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздестіріп уақыт жоғалтпай, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияның көмегіне жүгінуге кеңес береді.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі