2 литрлік шыны ыдыстағы ақшаны ұрлап кеткен…

31
Сурет: Informburo.kz

Түркістан облысының Отырар аудандық сотында 2024 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен айыпталған қылмыстық іс ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен өзара татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Себебі, сотта 2024 жылғы 13 ақпанда сағат 11:30 шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жаңа Шілік ауылында жәбірленуші А.Ж-ның тұрғын үйіне келіп, ол үйде ешкім жоқ екендігін және үйінің есігі құлыппен құлыптанып тұрғанын көрген. Содан, айпталушы А.Р., жәбірленуші А.Ж-ның тұрғын үйіне бұдан алдын келіп, соңғының жатын бөлмесінде екі литрлік банкада ақша қаражаттарын жинап жүргенін біліп, ойына ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру қылмыстық пиғылы пайда болған. Өзінің ойын іске асыру мақсатында, аталған үйдің есігінде тұрған құлыпты, үйінен алып келген кілттердің бірімен сәйкестендіру арқылы ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, жәбірленуші А.Ж-ге тиесілі екі литрлік шыныда тұрған 50 000 теңге ақша қаражатын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Нәтижесінде айыпталушы А.Р., қылмыстық іс әрекеттерімен жәбірленуші А.Ж-ға 50 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Содан, өзіне қаражат керек болғандығын, өзі үйдің құлпын үйінен алып келген кілттердің бірімен сәйкестендіру арқылы ашып, үй ішіне кіріп, жәбірленуші А.Ж-ге тиесілі екі литрлік шыныда тұрған 50 000 теңгесін жасырын түрде ұрлап кеткендігін. Қазіргі кезде, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, жәбірленуші А.Ж-ге ұрлаған 50 000 теңгесін қайтарып беріп, медиация тәртібімен татуласып, оған келтірілген материалдық зиянның есесін толтыруына және өзінің жас балалары болына байланысты, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Жәбірленуші А.Ж-да сотталушы А.Р., қылмыспен келтірген залалдың орнын толық толтырғанын, сотталушымен татуласқанын, оған кешірім бергенін айтып, оның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Жоғарыда көрсетілген дәлелдемелер жиынтығын зерделей келе, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 13-1-тармағына сәйкес, ҚК-нің 68-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген заңның нормаларын қолдану міндетті емес (факультативтік) болып табылады. Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде жәбірленушілердің, арыз берушілердің ұстанымымен қатар, әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды сипаттайтын деректер, қылмыстық құқық бұзушылықтан туындаған салдарлар және істің басқа да елеулі мән-жайлары ескерілуге тиіс.
Сот отырысында ҚК-нің 11-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпталушы А.Р-ы жасаған құқық бұзушылық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жататыны, қазіргі кезде жәбірленуші жақпен татуласқаны және келтірілген зиянды қалпына келтіргені анықталды.
Жәбірленушіге ҚК-нің 68-бабына сәйкес іс тоқтатылғаннан кейін, осы іс бойынша сол қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты, сол айып бойынша қылмыстық қудалауды жаңғырту туралы мәселе қоюға құқылы емес екені түсіндірілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген