Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан бір адам көз жұмды

169
фото inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр. Пациент 50 жаста болған, 2020 жылы 21 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылды. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген.

Жұмысында жиі іс-сапарларға шығып тұрған. Жақын байланыста болған отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді. Сонымен бірге, отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.