19 жастағы жігіт қайтыс болды: Күдіктінің жасы 17-де

123
фото aikyn.kz

Шымкентте төбелес кезінде бір адам қайтыс болды. Қанды оқиға Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында болған.

26 шілдеге қараған түні орын алған оқиға куәгерлері күдіктінің өткір затпен екі соққы жасағанын айтады. Салдарынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Тәртіп сақшылары бозбаланы өлтірді деген күдікпен бір адамды ұстады. Күдіктінің жасы небәрі 17-де. Қазір аталған жайт ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы: «26.07.2022 жылы Абай ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Қ. Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысында 2003 жылы туылған ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде, 2005 жылы туылған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда».

Гүлдана Дәурен