Шымкентте бетпердесіз немесе топтасып тұрған тұрғындарға шара көріле ме?

198

Шымкент қаласы Полиция Департаменті Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, төтенше жағдайға байланысты профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастырып жатыр. 

Полиция қызметкерлері мен еріктілер көшеде топтасып тұрған және медициналық бетпердесіз жүрген адамдармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, қауіпті дерттің қатерін қосымша түсіндіруге көшті. Тұрғындарға аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана болмаса, үйден шықпауға кеңес беруде. Сондай-ақ, көшеге шыққанда сақтық шараларын қолданып жүру керектігін еске салды.Тәртіп сақшылары көпшілікті төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптарды орындауға және айтылып жатқан кеңестерге назар аударуға шақыра отырып, жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік көзделгенін тағы да ескертті.

Мөлдір Бекеева