Түркістан: Әз Наурыз мейрамын тойлауға дайындық басталып кетті

220

Түркістан Әз Наурыз мейрамын тойлауға дайындығын бастап кетті! Назарларыңызға 12 күндік бағдарлама ұсынылады.

14 наурыз 13:00 – «Қабылдау орталығында» «Наурыз – Бастау» атты имандылық шарасы (ас беру);

14-15 наурыз Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында ақындар айтысы;

14-21 наурыз – облыстық Жастар ресурстық орталығында «Dombyra party» кеші;

16 наурыз – «Гүлдер» саябағында «Көрісу» мейрамы;

18 наурыз – «Бірлік» клубында «Наурыз жыры» жас ақындардың поэзиялық кеші;

20 наурыз – С. Сейфуллин мектеп-лицейінде «Наурыз – бірлік, жаңару, татулық мейрамы» атты үздік ұлттық киім байқауы;

21 наурыз – №24 жалпы орта мектебінде «Көктем дүбірі» балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;

21 наурыз «Жеңіс» саябағында балалар жәрмеңкесі;

21-22 наурыз – «Aqjaiyq» музыкалық мектебінде «EMERGE» халықаралық tech-форумы;

21 наурыз – «Жеңіс» саябағында концерттік бағдарлама;

21-22 наурыз – Этноауылда «Түркістан көк аспаны» халықаралық әуе шарларының фестивалі;

21 наурыз – Әуенді субұрқақ жанында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Бала Абайдан дана Абайға дейін» музыкалық шарасы;

21-25 наурыз – Этноауылда Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз әлемі. Тарих тынысын тыңдашы!» мерекелік шарасы;

22 наурыз – Этноауылда тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру және қол күресінен жарыс;

23-24 наурыз – «Жеңіс» саябағында «Ұлыс оң болсын – ақ мол болсын!» дәстүрлі мерекелік кештері өтеді.

Сонымен қатар, Балуан Шолақ спорт кешені мен қаладағы білім ошақтарында 14-24 наурыз аралығында түрлі спорттық сайыстар, байқаулар, ашық сабақтар мен мерекелік концерттер өтеді.