Úı ANONS Бір жасар бала әжетханаға құлап кетті

Бір жасар бала әжетханаға құлап кетті

 

Түркістан облысы Темірлан ауылында бір жасар бала жеке тұрғын үй ауласындағы дала әжетханасына құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқыс жағдай туралы хабарлама 112 пультіне түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Мамандар баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды.

ТЖМ ата-аналарға балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды және ауладағы қауіпті орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.