Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қала тазалығын сақтау бағытында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Кентау қаласында жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 345 дерек анықталып, әкімшілік шаралар көрілген.
Мәселен тәртіп сақшылары күнделікті бақылау жұмыстары барысында ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орынға тастағаны үшін 43 жастағы ер адамды анықтады. Аталған құқық бұзушылық полицейлердің бейнежетонына жазылып, аталған азаматқа қатысты әкімшілік шара қоданылды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырады. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.







