«ҚазГидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы мамандарының 13-ші сәуірде берген мәліметі бойынша толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Шардара су қоймасының суға толуы 98 пайызға жеткен.
10 сәуірде бұл көрсеткіш 97 пайыз болатын. Қазіргі таңда су қоймасында 5132 млн м3 су бар. Су деңгейі 1991 см. құраған. Шардара су қоймасы Сырдария мен Келес өзендеріндегі сумен толығуда. Қоймадан 255 м/с су жіберілуде. «Қазсушар» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, аптаның басында Көксарай су реттегішіндегі судың көлемі 1 млрд 986 млн. м3 құраған. Қоймадан 200 м3/с су жіберіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында 19 өзен бар. Өңірдегі 27 бекеттегі бақылаушылар судың деңгейін күнделікті бақылап тұрады.
Шынар Оразова