Ербол Садыр: «Түркістанда жұмыс істейтіндер Түркістанда, Шымкентте жұмыс істейтіндер осында қалсын»

403

«Түркістанда жұмыс істейтіндер Түркістанда, Шымкентте жұмыс істейтіндер осында қалсын». Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр осылай деді.

Штаб басшысының айтуынша, қатынап жұмыс істейтін азаматтарға блок бекеттерден өтуге рұқсат жоқ. Бұл аумақтардан тек тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер ғана өте алады.

Төтенше жағдай штабының басшысы қаладағы коронавирус дертіне күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп берді. Қазір індеттің таралмауы үшін сақтық шаралары күшейтілді.

Қалада блок бекеттердің саны артып, 18 -ге жетті. Бұдан былай барлық азаматтар медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Бұл шектеулерді ескермегендер заң алдында жауап береді. Осыған дейін төтенше жағдай талаптарын қасақана бұзған 400 азаматтар анықталған.

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мұндай жағдайлардың ақ-қарасы сот процесінде анықталады».

Мақпал Рысбаева