Шымкентте медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктер тарту етілді

179

 

Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді.

Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек көрсету мақсатында 9 отбасыға ноутбук үлестірді. Аталған отбасылар қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде әлеуметтік жағдайына қарай таңдалған. Олардың арасында медбикелер мен санитар, фельдшерлердің балалары бар. Әлеуметтік даму қоры коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапты.

Айта кетейік, игі шара аясында жалпы Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбедегі медицина қызметкерлерінің балаларына 100 компьютер сатып алынған.