Шымкенттің аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Ол 1964 жылы туылған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны.
Науқас 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған.
Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Бұл Шымкентте тіркелген 13 жағдай.