Úı ANONS 45 рет ереже бұзған жүргізушінің қарызы 1,3 млн. теңгеге жеткен

45 рет ереже бұзған жүргізушінің қарызы 1,3 млн. теңгеге жеткен

фото ТОПД
Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауда. Полицейлер күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, борышкерлерді анықтау мен оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен 3 тәулікте полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 78 борышкер берешектерін өтеген.
«Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша «Changan» маркалы автокөлік иесінің 1 300 000 теңге көлеміндегі берешегі анықталды. Яғни көлік иесінің бұл қарызы 45 рет жол ережесін бұзуға қатысты тіркелген. Көлік айып тұраққа қойылды. Аталған жайт толығымен полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түскен.
Алдағы уақытта тәртіп сақшылары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заң талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.