Әлеуметтік желілерде таралған «Қасқасуда су тасқыны болып жатыр» деген ақпаратқа келесідей мәлімдеме жасаймыз:

«29.04.2020 жылы Төлеби ауданының Керегетас және Жоғарғы Қасқасу елді мекендерінде қатты жауын-шашынға байланысты сел жүруі орын алды.
Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың бастамасымен құрылған жұмыс тобы нысандардың жай-күйімен танысты.

Елді мекендегі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар зақымдалмаған.

Сел салдарын жоюға ұйымның жұмыс күштері мен техникасы жұмылдырылды, арықтар тазартылды. Қатты жауған жауын шашынның (жаңбыр, бұршақ) салдарынан Сайрамсу өзенінің деңгейі күрт көтерілген (30 метр куб/сек дейін). Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда өзен суының деңгейі түскен (9 метр куб/сек). Қазiргi таңда елді мекендерге қауіп жоқ.»