Шымкентте қатты жауын жауып, көшелерді су басты

119

Күні кеше Шымкентте қатты жауын жауып, көшелерді су басты. Осыған байланысты  жаңбыр суын сору жұмыстарының жүргізіліуін үйлестіру бойынша Департаменттің Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Гарнизон бойынша кезекшілікке 114 адам жеке құрам, 38 бірлік техника (негізгі 25 бірлік, арнайы 6 бірлік, қосалқы 7 бірлік), 28 дана мотопомпа түсті. Жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізу үшін 39 мекен жайларға күштер мен құралдар жіберілді.

Жалпы су сору жұмыстарына Департаменттің 70 жеке құрамы және 20 техникасы, 32 мотопомпасы, жергілікті әкімшіліктен 14 водовоз жұмыс жұмылдырылды. Қазіргі таңға 465 текше метр су сорылды.