53 қылмыс тіркелген

110

 

Шымкентте жыл басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде 53 қылмыс тіркелген.Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық жымқыру мен алаяқтық фактілері басым.

Бұл туралы бүгін департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев мәлімдеді. Салаларға бөліп қарастырғанда анықталған қылмыстардың басым бөлігі құқық қорғау органдарында – 19, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында -12, сонымен қатар, кедендік бақылау және құрылыс салаларда екеуден, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салаларында 1 қылмыстан тіркелген.

Айта кетейік, жыл басынан 35 қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер ретінде 18 адам әшкереленіп, оның ішінде 14-і сотқа жолданды, қазіргі уақытта 6 адамға қатысты сот үкімдері шықты (1 – бас бостандығынан айыруға, 1 – бас бостандығын шектеуге, 4-айыппұл төлеуге сотталды).

Сотталғандар қатарында мемлекеттік органдардың жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да, мамандары да бар.

Мақпал Рысбаева