«Бадам» қоймасындағы судың деңгейі бақылауда

861

Түркістан облысындағы ірі су қоймаларының бірі Бадам су қоймасы Маятас ауылының аумағында орналасқан.

Сыйымдылығы 61 жарым млн. текше метр. Бөгеттің ұзындығы 1 шақырымнан асады.Судың қоры бақылауда, егіншілік басталғанда қоймадағы су Бадам өзеніне жіберіледі.
Қойманың сыйымдылығы 61,5 млн. текше метр болса,  қазір оның 97 пайызы жиналған. Облыс мамандарының сөзінше мұнда адамдарға еш қауіп жоқ.
Әлішер Рысқұлов, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының  Бадам су бөлімшесі басшысы: «Мұнда аумақ жарықтаныдырылған, бейнекамералар да орнатылған. Барлығы бақылауда. Келген су да, шығарылатын судың барлығы реттеліп отырады».

Қазгидрометтің алдағы күндері жауын-шашын болатыны жайлы «Қазсушар»  мекемесі хабардар. Сондықтан,  қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында су қоймаларындағы қызметтер күшейтілген режимге көшкен.

Шынар Оразова