«Шымкент қаласында азық түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауарөндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде»,- дейді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары.
Бүгінде қала аумағында 38.7 мың тонна әлеуметтік азық-түлік тауарлары қоры бар. Ұн 424 күнге, макарон өнімдері 227 күнге, қант 259, сиыр еті 38 күнге, көкөніс өнімдері бір айға, өсімдік майы екі айға, тұз 80 күнге және күріш 21 күнге жеткілікті.
Қалыпты бөлке нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, «Нан ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен меморандум түзіліп, күнделікті 39,5 тонна 1 сұрыпты үн 28 наубайханаға 50 кг қапшығы 5900 теңгеден босатылып, нан 75 теңгеге дейінгі бағамен сатылуда.
Шынар Оразова