Азық-түлікті қымбат сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

80

Қостанайда азық-түлікті қымбат сатқан алты супермаркет анықталды. Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 пайызға дейін көтерген.

Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарлатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.

Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады.

Шынар Оразова