Шымкентте 90 жастағы әжей коронавирустан сауығып шықты

218

 

Шымкентте бүгін коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. 13 жастағы қыз екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан үйіне шығарылды.

Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас дертінен айығып шықты.