Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, Шымкент қаласы аумағында карантин режимі әлі сақталады.
Төлеген Боранбаев, Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы инспекторы: «Сергек» блок-бекеттер деректер базасы арқылы азаматтар мен автокөліктерді тексеріп кіргізуде, ал база тіркелмегендер кері қайтарылуда. Қаладан тыс қала, ауданаралық жолаушылар тасымалы бұғаттау бекеттерінен өтуге әлі рұқсат берілмеген».
Полиция департаменті өкілі блок-бекеттерден өту уақыты шектелмегенін, ал ондағы полицейлер мен медицина мамандары бұрынғысынша 3 ауысымда тәулік бойы қызмет ететінін атап өтті.
Айта кететін жәйт, Шымкентке дәрігерге көрінуге, жұмыс орнынан және мекен-жайы бойынша анықтамасы бар азаматтар блок-бекеттерден еш кедергісіз өте алады. Сонымен қатар, такси жүргізушілеріне 11-ші мамырдан блок-бекеттерден өту рұқсат етілген. Алайда, олар маңызды талапты орындаулары тиіс- ол көліктегі әрбір жолаушының блек-бекеттен өтуге рұқсат қағазы болуы шарт.
Шынар Оразова